Иран, Ресей және Қытай алдағы апталарда бірлескен теңіз жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Шахрам Ирани мәлімдеді.
Fars News агенттігінің мәліметінше, Шахрам Ирани басқа елдердің де Иран, Ресей және Қытай арасындағы бірлескен әскери-теңіз жаттығуларына қатысуға шақырылғанын айтады.
Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштері қолбасшысының айтуы бойынша, әскери тәжірибе жинауға арналған оқу-жаттығудың басты мақсаты өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Шахрам Ирани әскери жаттығуды Иран күнтізбесі бойынша жыл аяқталғанға дейін өткізу жоспарланғанын айтты. Үш елдің бірлескен әскери-теңіз жаттығуы 19 наурызда аяқталады деп күтілуде.
Бұған дейін Иран, Қытай және Ресей 2023 жылдың 15-19 наурыз күндері Оман шығанағында бірлескен ауқымды оқу-жаттығуын өткізді.


















