Иран Ислам Республикасы Ресеймен визасыз режимнің толық бағдарламасын енгізуге дайын.
Бұл туралы Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Кеше, 28 ақпан күні Казем Джалали қазіргі уақытта Иран Ресейдің визасыз режимге қатысты жауабын күтіп отырғанын айтты.
Елші екі ел арасындағы виза режиміне қатысты мәселені шешудің 50 пайызы Иранға, ал қалғаны Ресейге байланысты екенін айтады. Казем Джалалидың айтуы бойынша, көптеген адамдар, соның ішінде университет студенттері Ресеймен визасыз режим бағдарламасын жүзеге асыру туралы сұрақтарды жиі қояды.
Сондай-ақ, елші Иранның жоғары лауазымды шенеуніктері бұл тақырыпты ресейлік шенеуніктермен әр түрлі деңгейде өткен кездесулер барысында талқылағанына тоқталып, виза мәселесіне қатысты Мәскеу әлі жауап бермегенін айтады.
Елші Иранның Ресей Федерациясымен жалпы визаларды алып тастауға дайын екенін бірнеше мәрте білдіргенін мәлімдеді.
Бұған дейін Иран мен Ресей топтық сапарларға визаларды алып тастау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын, бірақ екі ел азаматтарының жеке сапарларына қатысты визасыз режим келісімі әлі жүзеге аспады.













