Тәжікстанда Contact ақша аудару жүйесінің жұмысы тоқтатылды.
Бұл туралы Тәжікстанның Ұлттық банкі хабарлады. Тәжікстанның еңбек мигранттары Contact жүйесінің көмегімен ақша аударатын. Алайда қазіргі таңда жолданған ақшаны алуда қиындықтар туындап отыр.
Тәжікстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, мұның себебі, Qiwi лицензиясын қайтарып алған соң 22 ақпан күні Ресейдің Орталық банкі сервистерінің бірі – Contact ақша аудару жүйесінің жұмысын доғарған.
Бүгінде Тәжікстан Ұлттық банкі еңбек мигранттары жолдаған, бірақ әлі түспей қалған ақшаны қайтару үшін Contact жүйесі басшыларымен байланыс орнатуда.
Ресей Орталық банкінің шешімімен, Contact төлем жүйесінің қызметі бүкіл әлемде, соның ішінде Тәжікстанда да тоқтады.
QIWI-ге тиесілі Contact ақша аудару жүйесі шетелге ақша аудару үшін қолданылады.













