Иран санкциялық қысымға қарамастан сауда географиясын 142 елге дейін кеңейтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда палатасының Сауданы дамыту және халықаралық қатынас жөніндегі комиссиясының ресми өкілі Руһолла Латифи Иран күнтізбесі бойынша ағымдағы жылдың алғашқы сегіз айындағы елінің сыртқы сауда айналымы туралы есеп ұсынды.
Руһолла Латифидің айтуы бойынша, Иран мен басқа мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі 131 млн тоннадан асып, 76,5 млрд долларды құрады.
Иран шетелге 105 млн тоннадан астам өнімді шамамен 37 млрд долларға экспорттады.
Иран тауарларын бес құрлықтағы 142 ел импорттады. Сондай-ақ, Иран 25,8 млн тоннадан астам тауарды 39,5 млрд долларға импорттады. Жеткізуші елдердің саны 105 мемлекетті құрайды.
Руһолла Латифи мұндай ауқымды сауда көрсеткіштеріне әлемдік үстемдік жүйенің қысымы мен қатаң санкциялық шектеулерге қарамастан қол жеткізілгенін баса айтып: “Иран тауарларының 142 елге экспортталуы және импорттың 100-ден астам мемлекеттен жүзеге асырылуы Иранды оқшаулау саясатының сәтсіздігі мен экономикамыздың жаһандық сын-қатерлерге табысты бейімделгенін көрсетеді”, -деді.


















