Кеше, сейсенбі күні таңертең Иранның зымырандық шабуылдары оккупацияланған аумақтарда жаппай дүрбелең туғызып, нәтижесінде Кнессеттің отырысы тоқтатылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, жүздеген жерде дабыл сиреналарының қосылуына және Тель-Авив пен Беэр-Шеваның орталық аудандарының жаппай атқылануына байланысты Кнессеттің отырысы тоқтатылды.
Парламент депутаттары «ішкі майдан» қолбасшылығының ескертуінен кейін шұғыл түрде бомбалаудан қорғанатын орындарға жасырынуға мәжбүр болды.
Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шабуыл соғыс басталғаннан бері Иран тарапынан жасалған ең ауқымды зымырандық шабуыл болды.
Зымыран Тель-Авивте ғимаратқа тікелей тиіп, үлкен шығын келтірді. Зымыран сынықтарынан тағы жеті нысанаға нұқсан келген. Шабуылдан Тель-Авивті елдің солтүстігімен байланыстыратын негізгі тас жол жабылды.
Тель-Авив полициясының басшысы қалада Иран зымыранының сынықтары түскен жерлерде айтарлықтай шығын келгенін мәлімдеді.
Израильдік БАҚның хабарлауынша, Беэр-Шева маңында, Негев шөлінің батысы мен Арадта қатты жарылыстар болған.
Сонымен қатар, Бат-Ям қаласында Израиль армиясының резервтегі сарбазының мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол панажайда өзіне қол жұмсаған.
Қазіргі уақытта Иран Қарулы күштері 28 ақпан күні басталған АҚШ пен Израиль басқыншылығына жауап ретінде Израиль нысандарына 80-ге жуық зымыран мен дрон ұшырды.
Иран билігі егер инфрақұрылымдарға шабуыл жалғасатын болса, жауап шабуылдары бұдан да ауқымды болатынын, тіпті Ормұз бұғазын толық жауып тастайтынын бірнеше рет ескерткен болатын.

















