Иранның Орталық банк басшысы Тегеранның Шанхай ынтымақтастық ұйымының ортақ банк құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Орталық банк басшысы Мохаммад Реза Фарзин ШЫҰ-на мүше мемлекеттердегі Орталық банк басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қытайға барды.
Мохаммад Реза Фарзин журналистерге берген сұхбатында кездесудің күн тәртібіндегі екі негізгі тақырыптың ШЫҰ елдерінде ортақ банк құру және қаржылық операциялардың инфрақұрылымын қалыптастыру екенін айтты.
Сондай-ақ, Иранның Орталық банк басшысы елінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының банк құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
Фарзин ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасында үйлестіру тәртібі мен қаржыландыру тетіктері оларға Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры жылдар бойы жүргізіп келе жатқан біржақты саясатты жеңуге көмектесетінін айтты.
ШЫҰ — 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Мемлекетаралық бірлестік жер шары халқының 42 пайызын қамтиды.
Иран аталмыш ұйымға 2023 жылдың шілде айында қосылды.


















