Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи ЮНЕСКО-ның Израильдің Иранның тарихи ескерткіштерін бомбалауына қатысты үнсіздігін сынға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Израильдің Ирандағы көпғасырлық тарихи ескерткіштерді, соның ішінде Дүниежүзілік мұра тізіміне енген бірнеше нысанды бомбалауына қатысты ЮНЕСКО-ның үнсіз қалуын айыптады.
Арақчи кеше, бейсенбі күні X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында жуырда еліне қарсы жасалған Америка мен Израильдің басқыншылығы кезіндегі тарихи ескерткіштерге жасалған шабуылдарға тоқталып: “Израиль XIV ғасырда салынған Иранның тарихи ескерткіштерін бомбалап жатыр. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміндегі көптеген нысан шабуылға ұшырады. Сионистік режимнің ежелгі тарихы бар елдерді жек көруі табиғи жағдай”, -деп жазды.
Аббас Арақчи Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі арнайы мекемесі ЮНЕСКО-ның рөліне күмән келтіріп: «ЮНЕСКО қайда? Оның үнсіз қалуы жол берілмейтін жайт”, -деді.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы негізсіз басқыншылығы басталғаннан бері Иранның көптеген тарихи ескерткіші зақымдалды. Олардың арасында Тегерандағы Голестан сарайы және Исфаһандағы бірнеше көрікті жер бар.
Исфаһандағы мәдени құндылықтарға қала губернаторының әкімшілігін атқылаған кездегі жарылыстарда қатты нұқсат келді.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи Еуропа елдерінің АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты соғысқұмар саясатына бейжай қарап, жол беріп отырғанын сынға алды.
Бақайи: “Еуропалық Одақтың АҚШ пен Израильдің агрессиясы, қатыгездігі мен қылмыстары алдындағы селқостығы астыртын сөз байласу мен қылмысқа ортақтасудан басқа ештеңе емес”, -деді.


















