Иран СІМ Ұлыбританияның Газа секторындағы геноцидті жоққа шығарған ұстанымын айыптады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Ұлыбританияның Газа секторындағы геноцидті жоққа шығаруын сынға алып, Лондонның бұл шектен шыққан және адамгершілікке жатпайтын ұстанымы Израильдің апартеид режимін қолдауына сәйкес келетінін баса айтты.
Бақайи: “Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Газа секторындағы геноцидті жоққа шығаратын мәлімдемесі Ұлыбритания Үкіметінің геноцид жүргізіп отырған нәсілшіл режимді жаппай қырып-жоятын қару-жарақпен қамтамасыз ету және саяси қолдау көрсету саясатының жалғасы болып табылады. Бұл Ұлыбританияны Израильдің халықаралық саясаттағы қылмыстарына сыбайлас етеді”- деді.
Иран СІМ баспасөз хатшысы Израильдің әскери операциялары басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторындағы адам шығынын айқын көрсететін инфографиканы парақшасында жүктеп, мұндай ұстанымның жаңа емес екенін, бірақ Ұлыбританияның Газа секторында жалғасып жатқан геноцид фактілерін ашық түрде жоққа шығаруы жаңа әрекет екенін баса айтты.



















