Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ресей Премьер-министрінің орынбасары Виталий Савельевпен кездесуінде Үкіметінің «Солтүстік-Оңтүстік» стратегиялық халықаралық дәлізінің құрылысын аяқтауға бел байлағанын қуаттады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Пезешкиан Рашт-Астара темір жол учаскесін іске асыру басым жоба болып табылатынын және Иран Ресеймен келісімде көзделген барлық міндеттемелерді орындауға дайын екенін баса айтты.
Президент Иранның келісім шарттарын ұстанатынын және Ресей тарапының жақын арада жолды төсеп, жобаны жүзеге асыруға дайындықты бастайтынын күтетінін айтты. Сонымен қатар, Пезешкиан Иранның трассаға жер учаскелерін алу және барлық қажет құжаттарды белгіленген мерзімде ұсыну жоспарлары туралы баяндады.
Өз кезегінде Савельев Ресей Президенті мен Премьер-министрінің сәлемін жеткізіп, Пезешкианды 2025 жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.
Ресей Премьер-министрінің орынбасары ресейлік тараптың келіссөздер мен ынтымақтастыққа дайын екенін қуаттады.
Сондай-ақ, Савельев Ресей қажетті несие желісін қамтамасыз ететінін және осы келісімді іске асыру үшін Әзірбайжан үкіметімен жұмыс жасайтынын айтты.



















