Иранның Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиян Ирак Сыртқы істер министрі мен халқына жеделхат жолдап, Найнава облысында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиян Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнге Иракта орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Хатта «Сейсенбі күні кешке Ирактың Найнава провинциясының солтүстік-шығысындағы әл-Хамдания ауданында болған өртте көптеген ирактық бауырластардың қаза болуы мен жарақат алуына қатты қайғырып, Сізге, үкіметке, халыққа және марқұмдардың жақындарына көңіл айтамыз»,-делінген.
Амир Абдуллахиян Иранның жедел жәрдем және құтқару қызметтерінің осы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін хабарлады.
Еске сала кетсек, сейсенбі күні Ирактың Найнава провинциясының солтүстік-шығысындағы әл-Хамдания ауданында үйлену тойы кезінде алапат өрт болды.
Үйлену тойындағы өрт салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 500-ге жуық адам жарақат алды.



















