Таеквондо федерациясы мен Халықаралық таеквондо федерациясы президенттері арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін Иран Таяу Шығыстағы ITF жаттығу орталығы ретінде таңдалды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, таеквондо федерациясының президенті Хади Саеи, Халықаралық таеквандо федерацияның президенті, мастер Дон Далтон және Иран ITF қауымдастығының хатшысы Мохташемимен кездесуде таеквондо спортын дамыту мәселесі талқыланды.
Кездесу нәтижесінде Иран Таяу Шығыстағы осы спорт түрінің жаттығу орталығы ретінде таңдалып, келісімге қол қойылды.
Келісімге сәйкес Иран ITF халықаралық федерациясының оқу орталығы ретінде Таяу Шығыс аймағындағы елдер үшін төрешілік, жаттықтыру және белбеу біліктілік дәрежесін алу емтихандары бойынша оқу курстарын өткізеді.



















