Иран төңірегіндегі жағдай НАТО мен Еуропалық Одақтың айтарлықтай әлсіздігін, сондай-ақ олардың Америка Құрама Штаттарымен арасындағы алауыздықты айқын көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей президентінің шетелдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев мәлімдеді.
Кирилл Дмитриев бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ресей тікелей инвестициялар қоры басшысының айтуы бойынша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай Батыс институттарының стратегиялық осалдығын әшкереледі. Оның сөзінше, бұл ең алдымен, Ұлыбритания мен басқа да Еуропа мемлекеттерінің әскери-саяси құрылымдарына қатысты.
Дмитриев: «Иран төңірегіндегі жағдай НАТО, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың әлсіздігі мен стратегиялық осалдығын, сондай-ақ олардың Америка Құрама Штаттарымен ортақ тіл табыса алмай отырғанын көрсетті», -деп жазды.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп The Telegraph басылымына берген сұхбатында Альянс Иранға қарсы операцияға көмектесуден бас тартқандықтан Вашингтонның НАТО-дан шығу мүмкіндігін байыпты түрде қарастырып жатқанын мәлімдеді.














