Иран Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу қажеттігін айтып, Тегеранның қақтығысты тоқтатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдайтынын баса айтты.
Исмаил Бақайи таңғы баспасөз мәслихатында Украинадағы оқиғаларға қатысты пікір білдіріп: “Біз Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін қабылданған кез келген бастаманы құптаймыз”, — деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ пен Ресей президенттерінің жуырдағы кездесуі туралы қойылған сұраққа: “Тегеран қақтығыс басталған кезде алауыздықты бейбіт жолмен шешу керектігін айтып, тараптарды диалог пен өзара іс-қимылға шақырды. Халықаралық оқиғаларға жауапты кез келген ел бейбітшілік бастамаларын құптайтыны сөзсіз. Халықаралық келіссөздерде нашар көрсеткішке ие Американың тараптардың сеніміне ие болуы үшін едәуір күш салуы керек екенін айтқан жөн”, -деді.

















