Иранның “Pars 2” жерсерігі Ислам революциясының жеңісін атап өту кезінде таныстырылады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ғарыш ұйымының басшысы Хасан Саларие SAIran компаниясы әзірлеген “Pars 2” жерсерігінің Ислам революциясының жеңісін атап өту кезінде таныстырылатынын мәлімдеді.
Хасан Саларие елінің “Pars 3” жерсерігін де әзірлеп жатқанын баса айтты.
Хасан Саларие ИРНА агенттігіне берген сұхбатында ақпан айының екісі Иранның Ұлттық ғарыш технологиясы күні өтетін тұсаукесер3 туралы айтып: “Иранның “Pars 2” жерсерігі — 4 метрден жоғары ажыратымдылықпен түрлі түсті суреттерді, сондай-ақ 8 метрден жоғары ажыратымдылықпен ақ, қара суреттерді түсіруге қабілетті камералармен жабдықталған қашықтықтан зондтау жерсерігі”,- деді.
Иран Ғарыш ұйымының басшысы аталмыш жерсеріктің “Pars 1” жерсерігінің неғұрлым жетілдірілген нұсқасы екенін баса айтты. Салариенің айтуынша, кең мүмкіндіктерге ие бұл жерсерік Иранның Ұлттық ғарыш технологиясы күні Ислам революциясының жеңісін атап өту кезеңінде таныстырылады.
Саларие Иранның “Pars 1”, “Pars 2” және “Paya” жерсеріктері қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің шоқжұлдызын құрайтынын баса айтты.


















