Ағымдағы жылдың 10 айында Иранның автомобиль көлігімен транзиттік тасымалы 27 пайызға артты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Жол құрылысы және автомобиль көлігі ұйымы басшысының көлік мәселелері жөніндегі орынбасары Меһди Хезри елінің ағымдағы жылдың 10 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен транзиттік тасымалының 27 пайызға артқанын хабарлады.
Меһди Хезри сәрсенбі күні кешке Жол және қала құрылысы министрінің халықаралық тасымалдаудың кәсіби ұйымдарымен кездесуінде: “Транзиттік тасымалдаудың ең жоғары рекордына 2023 жылы 636 мың жүк көлігі мен тіркеме арқылы 14 миллион 750 мың тонна жүк тасымалданған кезде қол жеткізілді.
Бақытымызға орай, 2024 жылдың 10 айында біз бұл рекордқа тағы қол жеткіздік. Бұл рекорд өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға өсті. Біз коронавирустық кезеңнен кейін елдегі автомобиль көлігі саласында өсу үрдісін байқадық.
Жалпы еліміз бойынша халықаралық тасымалдау саласында жұмыс істейтін 1875 компанияда 50 мың белсенді көлік паркі және 40 мың жүргізуші бар”,- деді.


















