Иранның Кабудераһанг қаласында қуаттылығы 135 мегаватт болатын ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Ішкі істер министрі Искандер Момени жаңа электр станциясының алғашқы тас қалау рәсіміне қатысты.
Жаңа электр станциясы Шаһид Мофтеһ электр станциясының жанынан 50 триллион риал инвестициямен салынады. Жоба 240 гектар жер телімінде жүзеге асырылады.
Құрылыс аяқталып, жоба іске қосылғаннан кейін күн электр станциясы жылына 318 гигаватт-сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Бұл жыл сайын шамамен 100 миллион текше метр қазбалы отынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл өңірлік өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоршаған ортаны қорғауға қамқорлық жасауда маңызды қадам болып табылады.
Сондай-ақ, аталмыш инфрақұрылымды іске қосу жылына шамамен 190 мың тонна парниктік газдар шығарындыларының алдын алуға көмектеседі. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске маңызды үлес болып табылады.
Бұл жоба Иран экономикасына оң әсер етіп қана қоймай, тұрақты даму мен жаңартылатын энергия көздерін енгізудің символына айналады деп күтілуде.


















