Тегеран қаласының Орталық көрме кешенінде желтоқсан айының 3-6 аралығында «Еуразия ЭКСПО 2024» көрмесі өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, шараны ұйымдастырушылар көрмені Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде халықаралық іскерлік байланыстарды әртараптандыру арқылы өнеркәсіп пен бизнестің тұрақты жұмысын қолдау алаңы ретінде қарастыруда.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мохаммадреза Нематзаде: «Көрме -тамаша алаң. Бұл Иранның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауданы дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар көрме екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді», -деп баса айтты.
Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев: «Иранмен өзара іс-қимылдың маңызды бағыты — еуразиялық кеңістіктегі сауда байланыстарын дамыту. Көрме осы мақсатқа жетудің тамаша құралы болып табылады», — деді.
Көрме ЕАЭО мен Иран арасындағы толық ауқымды еркін сауда келісімінің қолданылуы қарсаңында өтіп жатқандықтан, оның жұмысының маңызы арта түспек.
Дереккөзі: https://eurasiatoday.ru/


















