Иран астанасы Тегеранда 36-шы Халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф, Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Аббас Салеһи және бірқатар баспа жетекшілері қатысты.
Көрме кеше, 7 мамыр күні ашылды.
Баспагерлер 11 күн бойы осы үлкен алаңда өз жұмыстарын ұсынады.
Имам Хомейни атындағы “Мосалла” кешенінде өтіп жатқан Халықаралық кітап көрмесі балалар мен жасөспірімдердің мәдени-интеллектуалдық деңгейін жоғарылатып, оқу сауаттылығын дамытуда, аймақтың зияткерлік және мәдени дамуына үлес қосуда және кітапқа оңай әрі арзан қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
36-шы Халықаралық кітап көрмесі 17 мамырда өз жұмысын аяқтайды.
Халықаралық кітап көрмесі Тегеранда жыл сайын өткізіледі.


















