Иранда интернетке қолжетімділік ішінара қалпына келтіріле бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран тұрғындары жергілікті Rubika платформасы арқылы хабарлама жіберу мүмкіндігіне ие болды.
Иранның кейбір ұялы телефон пайдаланушылары бір-біріне СМС хабарламалар жіберіп, шетелге қоңырау шалуға мүмкіндік алды.
Тегеранның кейбір тұрғындарының үйлерінде жылдамдығы өте төмен болса да интернет байланысы пайда болды. Ал ұялы телефондар арқылы желіге шығу мүмкіндігі әлі де жоқ.
Меһр агенттігінің хабарлауынша, лаңкестердің Иранда тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруына байланысты ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше күнге өшірілген интернет лаңкестерді бақылауда және оларды анықтауда маңызды рөл атқарған.
Айта кетейік, Иранда 28 желтоқсан күні ұлттық валютаның күрт құнсыздануына қарсы басталған шерулерден кейін билік ел бойынша интернетті толықтай өшірген болатын.


















