Иранда Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің құрылымына өзгерістер енгізілгеннен кейін Қорғаныс кеңесі құрылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінде құрылымдық өзгерістер аяқталғаннан кейін елдің қорғаныс саясаты саласындағы стратегиялық міндеттері бар жаңа Қорғаныс кеңесі құрылады.
Кеңестің құрылымы жақын арада түпкілікті қалыптасады.
Қорғаныс кеңесін құру туралы шешім Израильдің 13 маусымға қараған түні Иранға қарсы операциясы басталғаннан кейін бір жарым айдан соң қабылданды.
Айта кетейік, Израильдің әскери-әуе күштері 13 маусымға қараған түні Иранға шабуыл жасады. Израиль Үкіметі Иранның ядролық, азаматтық нысандарын, жоғары шенді әскери қолбасшылары мен ядролық ғылыммен айналысқан ғалымдарын нысанаға алды.
Иран Ислам Республика Израильдің бұл әскери соққысына зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қарымта жауап берді.
Трамп Израиль мен Иранның атысты толығымен тоқтатуға келіскенін айтты. Бітім 24 маусым күні күшіне енді.


















