Иранда WhatsApp және Google Play платформаларына кіруге қойылған шектеулер алынды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның киберкеңістік жөніндегі Жоғары кеңесінің сәрсенбі күнгі отырысында кеңес мүшелері талқылаулардан кейін киберкеңістікті құқықтық реттеудің маңыздылығына тоқталып, кейбір танымал шетелдік платформаларға, соның ішінде WhatsApp пен Google Play-ге кіруге қойылған шектеулерді алып тастауға бірауыздан дауыс берді.
Кеше, 24 желтоқсанда киберкеңістік жөніндегі Жоғары кеңестің 104-отырысы Иранның үш билік тармағының басшылары, министрлер және киберкеңістік жөніндегі Жоғары кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті.
Жиында бұғаттау саясатын қайта қарау мәселесі тағы көтеріліп, бұған дейін зерделенген түрлі ведомстволардың пікірлері талқыланғаннан кейін аталған шешім қабылданды.
Сондай-ақ, отырыста кеңес мүшелері отандық платформаларды қолдау қажеттігін қуаттады.


















