Ирандық деректі фильм Жиддада өткен халықаралық Эффат кинофестивалінде жүлде алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Бушеһр қаласындағы Азад Ислам университетінің студенті Джавад Ғоламнежад Джабри түсірген “Хасак” (“Кальмар”) қысқаметражды фильмі Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен 12-ші халықаралық Эффат кинофестивалінде “Үздік деректі фильм” номинациясымен марапатталды.
Бушеһр провинциясының Ислам мәдениеті және басшылығының бас директоры Мохаммад Хоссейн Зандевиан сейсенбі күні ИРНА тілшісіне берген сұхбатында Иранның оңтүстігіндегі белгілі бір аймақ халқының мәдениеті мен дәстүрлі мұрасы назарға алынып, түсірілген “Хасак” деректі фильмі Сауд Арабиясындағы Эффат кинофестивалінде марапатқа ие болғанын айтты.
Зандевиан: “Бұл халықаралық деңгейдегі мәдени жетістік өзінің әлеуметтік бағыттағы жұмыстарымен танымал Джавад Ғоламнежад Джабридің шығармашылық күш-жігерінің нәтижесі”, — деді.
Бас директор Эффат халықаралық фестивалінің маңыздылығына тоқталып, фестивальдің араб әлеміндегі беделді өнер шараларының бірі екенін, шараға әлемнің жер-жерінен келген студенттер қатысып жатқанын айтты.


















