Шахматтан Азияның 2025 жылғы аймақтық чемпионатында ирандық үш шахматшы Әлем кубогына жолдама ұтып алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, шахматтан Азияның 2025 жылғы аймақтық чемпионатының қорытындысы бойынша ирандық шахматшылар Пуия Идани, Бардия Данешвар және Анахита Заһедифар Әлем кубогына жолдама ұтып алды.
Енді олар Батуми мен Нью-Делиде өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы сайысқа қатысады.
Ерлер арасында Пуия Идани мен Бардия Данешвар бірінші және екінші орындарды иеленсе, Сейед Киан Пурмусави үздік үштікті түйіндеді. Алайда, Пурмусави Әлем кубогына қатысатындардың тізіміне кірмеді.
Әйелдер арасында бірінші орынды Анахита Захедифар, екінші және үшінші орындарды тиісінше Танназ Азали мен Ануша Маһдиан иеленді.
Шахматтан Аймақтық Азия Чемпионаты Алматы қаласында өтті.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы Әлем кубогі 5-29 шілде аралығында Грузияның Батуми қаласында, ал ерлер арасындағы сайыс 1-26 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді.


















