Иранның Шариф технологиялық университетінің түлектері заманауи технологиялар мен жасанды интеллект арқылы іздеу жүйесін әзірлеп, енгізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, киімдерді онлайн сатып алуға арналған Шариф технологиялық университетінің түлектері жасап шығарған бұл интеллектуалды іздеу жүйесі интеллектуалды мәтіндік іздеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланушылар платформадан қажет өнімдерді табу үшін өздері қалаған киімінің дизайны мен түсін сипаттай алады. Іздеу жүйесі жасанды интеллект арқылы пайдаланушы енгізген мәтінді түсінеді.
Интернет-киім дүкендері мен сән бутиктері мәтін мен кескіндерді талдау арқылы пайдаланушының сұранысына сәйкес келетін ең қолайлы нәтижелерді тауып көрсетеді.
Бұл іздеу жүйесі қазіргі уақытта 1500-ден астам интернет-дүкендер мен брендтерді қамтиды.
Оның артықшылықтарының бірі — шағын бизнеске бүкіл ел бойынша өздерін танытуға және тұтынушылар тартуға мүмкіндік беретіндігінде.


















