Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі Бахрам Эйноллахи дәрі-дәрмектің 97 пайызы және медициналық құрал-жабдықтардың 40 пайызы Иранның өз ішінде өндірілетінін айтты.
ИРНА агенттігінің хабарлауы бойынша Бахрам Эйноллахи кеше, сенбі күні G5 27-ші саммитінің ашылуында аймақта дәрі-дәрмек өндіруде ешқандай шектеу жоқ, Иранның бұл тұрғыда аймақ елдерімен ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.
«Денсаулық дипломатиясы» деп аталатын бұл рәсімде ол бұл дипломатияның көршілер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға жеткізетінін айтты.
«Соңғы жылдардағы АҚШ санкцияларына қарамастан, Иранның дәрі-дәрмекпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 97 пайызға жетті», — деді ирандық министр.
G5 тобына Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан және Ирак кіреді.


















