Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің шақыруымен 1-2 қазан күндері мемлекеттік сапармен осы елде болады.
Сапар бағдарламасына сәйкес Шавкат Мирзиеевтің жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер мен «ЭКСПО Доха-2023» – «Жасыл шөл, және де керемет орта» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу жоспарланған.
Алдағы келіссөздерде Мемлекет басшылары Өзбекстан-Қатар ынтымақтастығының жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылайды, халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Мемлекеттік сапар соңында түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.



















