Иранның ұшқышсыз ұшағы Парсы шығанағында АҚШ-тың Eisenhower ұшақ тасығышының маңында ұшты.
Бұл туралы Fox News тілшісі Лиз Фриден Х желісінде хабарлады.
Fox News тілшісі Лиз Фриден: «Бүгін Иранның ұшқышсыз ұшағы Парсы шығанағындағы АҚШ Eisenhower кемесі маңында ұшты. Ирандық ұшқышсыз ұшақ бірнеше ескертуді елемеді. Бұл қауіпті және кәсіби емес саналады», — деп жазды.
АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, Eisenhower ұшақ тасығышы басқарған Әскери-теңіз күштерінің тобы патрульдік қызмет атқару үшін 27 қарашада Ормұз бұғазы арқылы Парсы шығанағына енді.

















