Иранның әуе қорғаныс күштері сионистік режимнің сенбіге қараған түні Иранның бірнеше облысына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның әуе қорғаныс күштерінің мәлімдемесінде сионистік режимнің Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы бірқатар әскери орталықтарға шабуыл жасағаны, шабуылдың болар-болмас шығын келтіргені де айтылған.
Мәлімдемеде: «Иран Ислам Республикасының жоғары лауазымды тұлғаларының қылмыстық және заңсыз сионистік режимге қандай да бір авантюралық әрекеттерден аулақ болу туралы ескертулеріне қарамастан, режим бүгін таңертең Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери орталықтардың бір бөлігіне шабуыл жасады», — деп жазылған.
Иранның әуе қорғаныс күштерінің мәліметінше, шабуылға осы елдің интеграцияланған әуе қорғанысы жүйесімен тойтарыс беріліп, шабуыл сәтті тоқтатылған.
Сонымен қатар құжатта: «Кейбір жерлерге азғантай шығын келтірілді. Шығын ауқымы анықталуда», — деп жазылған.


















