Иранның шикі мұнай экспорты қыркүйек айында тәулігіне 2 миллион баррельден асып, 2025 жылғы ең жоғары деңгейге жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы танкерлерді бақылайтын халықаралық агенттіктердің бірі мәлім етті.
Агенттіктің мәліметінше, Иран Ислам Республикасының шикі мұнай экспорты 2025 жылдың қыркүйек айында тәулігіне шамамен 2 миллион баррельге жетті. Бұл соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Иранның мұнай экспорты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің заңсыз және әділетсіз санкцияларының 2025 жылдың қыркүйек айының соңында қайтарылуына қарамастан азаймады.
Америка Құрама Штаттары мен оның еуропалық одақтастары санкциялық режимнің қайтарылуы Иранның негізгі нарықтарға, соның ішінде Қытайға мұнай жеткізуін шектейді деп болжады. Алайда, саяси сарапшылардың пікірінше, Иран мұнай экспортының өсуі Вашингтонның максималды қысым саясатының сәтсіздігін көрсетіп, Тегеранның жоғары лауазымды тұлғаларының бұл шектеулердің мағынасыз әрі тиімсіз екендігі туралы бағалауларын растады.
Иранның Мұнай министрі Моһсен Пакнежад бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы санкцияларының қайтарылуы Иран мұнайының экспорттық жеткізіліміне әсер етпейтінін мәлімдеді.
Иранның шикі мұнайы жалпы экспорттың 89,8 пайызын құрайды. Tanker Trackers мәліметтері бойынша, Қытай Иран мұнайының ең ірі сатып алушысы болып қала береді.


















