Иран қолдан тоқылған кілемдерді соңғы 4 айда 13 миллион долларға экспорттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның ұлттық кілем тоқу және креативті индустрия орталығының басшысы Мохаммадреза Заре Борзеши 2024 жылдың 21 наурызынан бері қолдан тоқылған кілемдерді 13 миллион долларға экспорттағанын айтты.
Мохаммадреза Заре Борзешидің айтуы бойынша, Иранның қолдан тоқылған кілемдер экспорты 2024 жылдың 21 наурыз мен 22 шілдесі аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артқан.
Ол төрт айдың ішінде елінде 1 350 000 шаршы метр қолдан тоқылған кілем өндірілгенін айтты.
Мохаммадреза Заре Борзешидің айтуынша, соңғы үш жылда әлемде Иранның қолдан тоқылған кілем өндірісіне деген сұраныс артқан.
Иран Ислам Республикасы кеден басқармасының статистикасына сәйкес, Иран 2023 жылдың 21 наурызы мен 22 шілдесі аралығында құны 11,5 миллион доллар болатын қолдан тоқылған кілем экспорттады.


















