Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының мүшесі Ибраһим Резаи Иран Ислам Республикасының қорғаныс саласындағы дамуы тоқтамағанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының мүшесі Ибраһим Резаи бұл туралы «Меһр» ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатта мәлімдеді.
Ибраһим Резаи: «Дұшпанның барлық шабуылдарына қарамастан, Иран Ислам Республикасының қорғаныс саласындағы дамуы соғыс кезінде де, соғыстан кейін де тоқтаған жоқ, керісінше одан да жоғары қарқынмен жалғасты», – деп қуаттады.
Ибраһим Резаи америкалық кеменің үстінде эсминец зымыранының сәтті сынақтан өткеніне тоқталып, Иран Ислам Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту барысы туралы былай деді: «Дұшпанның бізге жасаған барлық шабуылдарына қарамастан, еліміздің қорғаныс саласындағы дамуы осы уақыт ішінде тоқтап қалған жоқ. Керісінше, Иран халқының Қарулы Күштер қатарындағы перзенттері мен қорғаныс саласындағы элита өкілдерінің намысы мен жауапкершілігінің арқасында, қарсы тараптың төндірген қаупінің деңгейі мен сипатына сай одан бетержоғары қарқынмен дамып, арта түсті».
Иранның зымыран саласындағы дамуы тоқтаған жоқ
Ол сөзін ары қарай жалғастырып: «Бүгінде біздің зымырандарымыз бір жыл бұрынғымен салыстырғанда жетілдірілді. Олардың жойқын қуаты, соның ішінде дұшпанның кемелеріне соққы беру қабілеті айтарлықтай артты.
Бұғаздағы америкалық дұшпанның кемелері үшін ешқандай қауіпсіз аймақ қалмайтынын кесіп айтамыз. Иран Ислам Республикасы басқыншы дұшпанның кез келген нүктедегі кемелеріне, техникасына, эсминецтеріне, мүмкіндіктері мен базаларына қатаң соққы береді.
Иран Ислам Республикасының осы әскери және қорғаныстық дамуының түпкі нәтижесі — бұл шайқаста шегінуге мәжбүр болатын тарап америкалықтар екенін көрсетеді», – деп баса айтты.
Иран өзінің “қызыл сызықтарынан” шегінбейді
Ол сөзін қорытындылап: «Бұл мәселенің стратегиялық жолдауы — Иран Ислам Республикасы дұшпанмен бетпе-бет келгенде өзінің “қызыл сызықтарынан” ешбір жағдайда шегінбейтіндігінде. Біз соңына дейін дұшпанға қарсы тұрдық. Оған қарсы тосқауыл қоятын жоспарларымыз әлі де бар», – деді.

















