Ұлттар лигасы аясындағы матчта Ирландия құрамасы Израиль құрамасын ойсырата жеңді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ойын алдында да ерекше назар аудартатындай бірнеше жайт орын алды. Атап айтқанда. Израиль гимні шырқалған сәтте Ирландия футболшылары бастарын төмен түсіріп тұрды. Кейін олар дәстүрлі қол алысу рәсіміне қатыспай, командалар арасындағы жалауша алмасудан да бас тартты.
Сонымен қатар Ирландия құрамасының капитаны Дара О’Ши Израиль құрамасының капитанына қараудан да, онымен қол алысудан да бас тартты. Ал Ирландия футболшылары алаңға қаралы қолтаңғыш тағып шықты. Футболшылар бұл әрекеті арқылы Ғазада қаза болған палестиналықтардың рухына құрмет білдірді.
Ирландияда Палестина мәселесі төңірегіндегі қоғамдық пікірталас бұрыннан бар. Мұның астарында терең тарихи себептер жатыр.
Ирландықтар да палестиналықтар сияқты бостандық құнын өзгелерден артық біледі. Себебі олар 750 жылдан астам уақыт бойы британ үстемдігінен зардап шекті. Сонымен қатар аралдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Солтүстік Ирландия бүгінде де Ұлыбритания құрамында қалып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы 27 қыркүйекте футболдан УЕФА Ұлттар лигасының аясында өткен матчта Ирландия құрамасы Израильді 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ойын Венгрияның Дебрецен қаласындағы бейтарап стадионда өтті.













