Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим сионистік режимнің Газа секторында жүргізген геноцид қылмысына тоқталып, режимді БҰҰ-нан шығару үшін консенсустың маңыздылығын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Малайзия премьер-министрі Al Jazeera Mubasher арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Анвар Ибрагим: «Біз Израильді мойындамаймыз және халықаралық форумдарда Палестина халқының күресін қолдауға дайынбыз», — деп баса айтты.
Сонымен қатар Малайзия премьер-министрі сионистік режимнің бейбіт тұрғындар мен ауруханаларды нысанаға алуды жалғастырып жатқанын айтып: «Мен Палестинаға қолдау көрсету ұстанымымды АҚШ Президенті Джо Байденге және осы елдің Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге білдірдім.
Алайда, олар бұған мән бермеді.
Біз БҰҰ-ның Халықаралық сотына Израильді Газа секторындағы қылмыстары үшін жауапқа тарту туралы өтініш жібердік», — деді.

















