Камчаткада магнитудасы 8,7 болатын күшті жер сілкінісі болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресейдің Камчатка түбегінде магнитудасы 8,7 болатын жер сілкінісі тіркеліп, Жапония мен АҚШ цунами қаупін жариялады.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпуі 19,3 шақырым тереңдікте болған.
Сонымен қатар, Жапонияның метеорологиялық агенттігі елдің үлкен жағалау аймақтарына жететін биіктігі 1 метр цунами күтілетінін ескертті.
Камчаткадағы бұл жер асты дүмпуі 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды.
Ресей Ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчаткадағы бөлімшесі жер сілкінісін аса маңызды оқиға деп атады.



















