Кениялық спортшы Келвин Киптум марафон бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.
8 қазан күні өткен 45-ші Чикаго марафонында 23 жастағы кениялық Келвин Киптум 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 35 секундта жүгіріп өтті. Осылайша ол марафон бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Бұған дейінгі әлемдік рекордты 2022 жылғы Берлин марафонында Киптумның отандасы Элиуд Кипчоге орнатқан болатын. Ол дәл осы қашықтықты 2 сағат 1 минут 9 секундта бағындырған еді.
Ал, әйелдер арасындағы марафонда әлемдік рекорд эфиопиялық спортшыға тиесілі. Қыркүйек айында Тигист Ассефа Берлин марафонын 2 сағат 11 минут 53 секундта басып өткен еді.
Әлемдегі «мейджер», яғни ең ірі 6 марафонның бірі – Чикаго марафоны. Жүгіруден кез келген спортшы Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Бостон, Токио және Берлин марафонына (World Marathon Majors құрамына енетін марафондар) қатысуды мақсат тұтады.
Марафон-әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі.
Қазақстанның да жаһандық жаппай марафон жарысына қосылғанына бірнеше жыл болып қалды.
















