ДАИШ лаңкестік тобы мәлімдеме жасап, Кермандағы лаңкестік әрекетті ресми түрде өз мойнына алды.
Fars news агенттігінің хабарлауынша, екі лаңкес Керман қаласында генерал Қасым Сүлейманиді еске алу рәсімі кезінде «Шоһадойе Керман» гүлзарына барар жолда өздерін жарып жіберген. 3 қаңтар күні Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласында болған екі жарылыстан кемінде 103 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 284-ке жетті.
Иран басшылығы болған оқиғаны «теракт» деп атады.


















