«Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының жетекшісі Михаил Ковальчук АҚШ-тың санкцияларын еңсерген Иран халқы зор құрметке ие екендігін мәлімдеді.
Бұл жөнінде Михаил Ковальчук Жас ғалымдардың III Конгресіне қатысқан кезінде мәлім етті. Аталмыш іс-шараға Иранның атом энергиясы ұйымы директорының орынбасары, Ядролық ғылымдар мен технологиялар ғылыми-зерттеу институтының директоры Сейед Фекхи да қатысып, Ирандағы атом энергетикасы туралы баяндады.
Сейед Фекхи Жас ғалымдардың III Конгресінде сөйлеген сөзінде АҚШ санкциялары Теһранға егемендікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар Мәскеумен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Михаил Ковальчук шара барысында Иранның 40 жылдан астам уақыт АҚШ санкцияларына ұшырағанын және санкциялармен күресе алғанын, оны қалай еңсергенін еске салды. «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының жетекшісі сөзін: «Иран халқы зор құрметке ие»,- деп түйіндеді.
Айта кетсек, Сириуста Жас ғалымдардың ІІІ Конгресі басталды. Іс-шара 30 қарашаға дейін жалғаспақ. Конгреске 25 елден мыңнан аса жас маман қатысып жатыр.


















