Кураш күрес спортынан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты Иранның Солтүстік Хорасан провинциясының орталығы Божнурд қаласында өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, 2026 жылдың 31 қаңтар – 5 ақпан аралығында Халықаралық Кураш қауымдастығы (IKA) бастамасымен өтетін XV Әлем чемпионаты әлемнің жер-жерінен келген ең мықты балуандарды бір арнаға тоғыстырып қана қоймай, күрестің халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, спорттық дипломатия мен мәдени диалогты дамытуға қызмет етеді.
Чемпионат аясында Халықаралық Кураш қауымдастығы Басқарма комитетінің отырысы, Халықаралық Кураш қауымдастығының кезекті конгресі, халықаралық төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинарлар, сондай-ақ допингке қарсы дайындық сабақтары ұйымдастырылады.
Жарыстар Божнурд қаласындағы “Әлидахт” спорт кешенінде өтеді.
Иран Кураш қауымдастығы қазіргі таңда ұйымдастырушы ретінде жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, қауіпсіздікті, логистиканы және қатысушылар үшін заманауи инфрақұрылымды қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде.


















