Ливан Президенті Джозеф Аун Израилді қақтығысты шешу бойынша келіссөздерде ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін атысты тоқтату режимін бұзбауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ливан Президенті Джозеф Аун Израил тарапынан орын алып жатқан әскери әрекеттердің дипломатиялық келіссөздерге кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.
Ливан Президенті елінің іскер топ өкілдерімен кездесуі барысында қақтығысты реттеудің жалғыз тиімді жолы келіссөздер екенін атап айтты. Оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта Бейрут Ақ үйден Израилмен тікелей диалог басталатын нақты күнді белгілеуді күтіп отыр. Президент Аун дипломатияда алға жылжуға қол жеткізу үшін ең алдымен уақытша бітім шартының бұзылуын тоқтату қажеттігін ескертті.
Аун Израилдің шекара маңындағы ауылдарды қирату арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын қатаң сынға алып: «Егер Израил атысты тоқтату режимін бұзу және шекарадағы елді мекендерді қирату арқылы қауіпсіздікке қол жеткіземін деп ойласа, қатты қателеседі. Бұған дейін де мұндай әрекеттер жасалған. Бірақ олар ешқандай оң нәтиже берген жоқ», – деді.
Ливан тарапының бұл мәлімдемесі аймақтағы шиеленісті азайту және тұрақты бейбітшілік орнату бағытындағы халықаралық талпыныстар аясында жасалып отыр.



















