Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев пен Ұлыбританияның Қарулы күштер министрі Джеймс Хиппи 2023 жылдың 27 қыркүйегінде кездесті.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша әңгімелесу барысында өзбек-британ ынтымақтастығының қазіргі деңгейі, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайдың дамуы талқыланды.
Британдық тарап Өзбекстанның Ауғанстан бойынша шоғырландырылған аймақтық ұстанымын дамыту, елде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнату, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Сондай-ақ Өзбекстанмен ауған бағытында белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.



















