Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрахим БҰҰ мүдделік танытқан жағдайда Индонезиямен бірлесіп, Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екендерін айтты.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Малайзия блокададағы Газа секторында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибраһим бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.
Малайзия үкіметінің басшысы Индонезияның жаңадан сайланған президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесіп, Газадағы жағдайды талқылағанын айтты.
Ол Палестинадан бөлек халықаралық ынтымақтастық пен АСЕАН аясындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылағанын да айтты.
Маусым айының басында Индонезия Президенті Прабово Субианто Индонезияның Газа секторында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша Субианто оның елі қажет болған жағдайда «атысты тоқтату режимін сақтау үшін маңызды бітімгершілік күштерін қамтамасыз ете алатынын» мәлімдеді. Прабово Субианто Индонезия да Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін бәрін жасауға дайын деген мәлімдеме жасады.


















