Иран жыл сайын құны төрт жүз миллион долларға қолөнер бұйымдарын экспорттайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран жыл сайын шетелге 400 млн АҚШ доллар көлемінде қолөнер бұйымдарын экспорттайды. Бұл туралы Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрінің орынбасары Мариям Джалали мәлімдеді.
Министр орынбасарының айтуы бойынша, қолдан тоқылған бұйымдар, оюлары бар металл заттар, ағаш бұйымдары мен былғары кестелер көршілес елдерде жоғары сұранысқа ие болып, негізгі экспорттық тауарларға айналуда.
Сондай-ақ, Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрінің орынбасары Үкімет 2025 жылы қолөнер саласын қолдауға 2024 жылмен салыстырғанда он есе көп бюджет қаражатын бөлгенін айтты.
Мариям Джалалидің сөзінше, мемлекеттік лицензиялау жүйесінде өнердің 300 саласы бойынша 570 мың қолөнерші тіркелген. Осылайша, ирандық қолөнершілердің бұйымдары мәдениетаралық диалогты нығайтудың да, ел экономикасын дамытудың да маңызды құралына айналып отыр.

















