Қазақстан Еуропа Одағы мен Парсы шығанағындағы елдерге ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Үкімет жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сауда дипломатиясындағы жетістіктер туралы айтты.
Сапаровтың айтуы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттың жаңа бағыттарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 7 елмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 16 ветеринариялық сертификатқа қол қойылды.
Жаңа нарықтарға қолжетімділіктің арқасында 10 айда сиыр етінің экспорты 30,2 мың тоннаға, ал қой еті 25,5 мың тоннаға жетті.
Әзербайжанға мал шаруашылығы өнімдері, Моңғолияға ұсақ мал, Мароккоға жем, Иранға тері және ЕО-на бал нарықтары ашылды.
Қазіргі уақытта Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, БАӘ елдеріне ет пен сүт жеткізу мәселесі пысықталуда. Қатар мен Ұлыбританиямен бал экспорты, ал Эквадормен артемия асшаян уылдырықтарын жеткізу талқылануда.

















