Иранның Машһад қаласының әуежайына ұшқышы мен жолаушылары түгел әйелдерден құралған «Иран бану» рейсінің ұшағы қонды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иранның Хорасан Разави әуежайларының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Хасан Джафари ирандық 101 таңдаулы әйел мінген және Иранның алғашқы әйел ұшқышы Шаһрзад Шамс басқарған ұшақ жүзеге асырған «Иран бану» рейсі Машһад қаласының Һашеми Нежад халықаралық әуежайына қонғанын хабарлады.
Хасан Джафари «Асеман» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың ұшқышы да әйел екенін және ұшаққа мінген әртүрлі сала бойынша табысты әйелдердің хазірет Заһраның мәулітімен тұспа-тұс Машһадқа сапармен келіп, имам Резаның кесенесін зиярат ететінін айтты.
Ол Машһад әуежайына ұшағы мен жолаушылары тегіс әйел мінген ұшақтың бірінші рет қонғанын мәлімдеді.

















