Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, жария болған кестеге сәйкес, келесі жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Барша мұсылман үшін оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады. Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келіп тұр.
ҚМДБ хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.



















