Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзиеев Қарулы Күштерін одан әрі дамыту және елінің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде тапсырма берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзиеев тапсырманы өз басшылығымен осы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арналып өткен жиында берді.
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттыру, бөлімдер мен бөлімшелерді жан-жақты даярлау, оларды заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру бойынша жүктелген міндеттер мен іс-шаралардың орындалу барысы туралы Қорғаныс министрінің есебі тыңдалды.
Ел басшылығы армияның жауынгерлік әлеуетін және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын жан-жақты нығайту, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын баса айтты.
Жиында жауынгерлік және жедел даярлық қызметінің қарқындылығын арттыру және әскери кәсіпорындардың офицерлік құрамы мен инженерлік-техникалық құрамын кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру қажеттігі қуатталды.

















