Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин сейсенбі күні әзірбайжандық әріптесімен келіссөз жүргізу үшін Бакуге келді.
Ресей санкциялық қысым жағдайында жаңа серіктестерімен тауар айналымын арттыруға мүдделі.
Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустиннің Бакуге сапары — осының дәлелі.
Михаил Мишустиннің сапарында Мәскеу мен Баку арасындағы тауар айналымының өсуі байқалғанына назар аударған Әзірбайжан саясаттанушысы Фархад Мамедов осылай дейді.
NEWS.ru басылымының мәліметінше, сарапшы тараптардың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске қосқанына көңіл бөлген.
Фархад Мамедовтың айтуы бойынша, Ресей мен Әзірбайжан арасында әлеуметтік-экономикалық өсу перспективалары әлеуетке ие және табысты өрістеуде. Сонымен қатар, сарапшы Мишустин сапарында көлік және коммуникация тақырыбына ерекше мән берілгенін айтады.
Фархад Мамедов екі ел арасында тауар айналымын ұлғайтуға қатысты бірқатар жоба барын және олардың жүзеге асырылып жатқанын айтады.
Сарапшы Мишустиннің Бакуге сапарының ресми екеніне назар аударып, Ресей Үкіметі басшысының Бакуге келуі елдер арасында жұмыс жүргізіліп жатқанын және қойылған міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетеді деп есептейді.
Атап айтқанда, сапар барысында Әзірбайжан Премьер-министрі Али Асадов пен Михаил Мишустин Ресей мен Әзірбайжан шекарасы арқылы өткізу пункттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Сонымен қатар, екі ел Премьер-министрлері Самур өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін пайдалану тәртібі туралы үкіметаралық келісім жасады.
Сондай-ақ, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің профессоры Александр Сафонов Ресей мен Әзірбайжан алдында жолдарды кеңейту, оларды модернизациялау қажеттілігі тұрғанын айтады.
Сарапшының пікірінше, бұл ретте жеткізілімдердің үлкен көлемі есепке алынған. Сондай-ақ, Әзірбайжан аумағы арқылы Ресей Федерациясына Иран нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі өтеді.
Сарапшы бұл бағыт Ресейге санкциялық қысымға байланысты туындаған бірқатар логистикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деген болжамда.
Бұған дейін сарапшы Арина Тинькова Әзірбайжаннан Ресей Федерациясында қандай тауарлар сатылатынын сараптап, мәлімдеген болатын.
Сарапшының айтуынша, Ресей — Әзірбайжан жемістері мен көкөністерінің негізгі тұтынушысы. Ең бастысы — Ресей Бакуден қызанақ сатып алатын басты ел.
Мишустиннің Әзірбайжанға ел президенті Илһам Әлиевпен және әріптесі Али Асадовпен жоспарланған кездесуге арнайы келгенін аңғаруға болады. Алдағы байланыстар барысында Ресей мен Әзірбайжан сауда-экономикалық саладағы бірқатар мәселені қарастыруды жоспарлап отыр.
Ресей — Әзірбайжанның сыртқы экономикасындағы жетекші серіктестерінің бірі.
Бүгінде Әзірбайжанда Ресейдің қатысуымен 1400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Ең бастысы, Мәскеу мен Баку үшін көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады.
Мишустин сапарында Әзірбайжанда шекарадағы жүк ағынын жеделдетуге келісті.



















