Бүгін, 26 ақпанда Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының төрағасы Гомбожавин Занданшатар Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді.
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша мәртебелі мейманды «Манас» халықаралық әуежайындағы ұшақ пандусынан Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш төрағасының орынбасары Нұрланбек Азығалиев пен Моңғолиямен достық жөніндегі депутат тобының жетекшісі Улан Бақасов күтіп алды.
Еске салайық, ресми сапар аясында жоғары деңгейдегі кездесулер, соның ішінде Жогорку Кенеш Төрағасы Нұрланбек Шәкиев пен Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының Төрағасы Гомбожавын Занданшатар арасында шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жоспарланған.
Қырғызстан мен Моңғолия ресми дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы Моңғолия Қырғызстанның тәуелсіздігін мойындағаннан кейін орнатылды. Моңғолия Қырғызстандағы 2014 жылы ашылған консулдықты модернизациялап, 2019 жылы елшілігін ашты.

















