Непалдағы қақтығыста қаза тапқандар саны 51 адамға жетті.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қақтығыс салдарынан 1,3 мыңнан астам адам жарақат алды.
The Kathmandu Post мәліметінше, қаза тапқандардың арасында үш полиция қызметкері бар.
Айта кетейік, Непалдың бірқатар қаласында әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін қақтығыс басталды. Қақтығыстан кейін Непал премьер-министрі Кхадга Прасад Шарма Оли отставкаға кетті.
Непал Үкіметі 4 қыркүйекте бірнеше әлеуметтік желіні бұғаттағаннан кейін 5-7 қыркүйекте бейбіт шерулер басталып, соңы қақтығысқа ұласты.


















