Палестинаны қолдап, Сенаттағы Демократиялық партия жетекшісінің үйінің алдына жиналған адамдарды Нью-Йорк полициясы қамауға алды.
Еуразия Тудейдің New York Post басылымының сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Республикалық партия атынан жаңадан сайланған президентін Израильге қаржылай көмекті қысқартуға шақыру үшін Сенаттағы Демократиялық партия жетекшісінің үйінің алдына жиналған ондаған адамның кейбірі қамауға алынды.
New York Post басылымының мәліметінше, кеше Израильге қарсылық танытқан 60 адам балаларымен бірге Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданындағы сенатор Чак Шумердің үйінің алдына жиналды. Полиция наразылық білдірушілермен қақтығысып, оларды таратып, Шумердің үйіне баратын жолды жауып тастады.
Осы оңшыл консервативтік БАҚ-ның хабарлауынша, балалар сионистік қылмыскерлердің суреттерін салып жатқанда, наразылық білдірушілер Дональд Трампты Тель-Авивке қаржылай көмекті қысқартуға шақырған.
New York Post басылымы кейбір наразылық білдірушілердің «Шумер, Шумер, Палестина азат болатынын көресің!» деген ұран айтқанын жазады. Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің кейбірінің қолында «Израиль палестиналық балаларды өлтіріп жатыр» деген жазулары бар плакаттар болған.



















